{metadescription}
Көзді жасаурататын газ бен өртенген көліктер: наразылық шаралары күшейді

Көзді жасаурататын газ бен өртенген көліктер: наразылық шаралары күшейді

АҚШ - та афроамерикандық қайтыс болғаннан кейін бірнеше тәулік бойы наразылық акциясы жалғасуда. 

АҚШ-та қара нәсілді американдық Джордж Флойдтың қаза тапқаннан кейін наразылық басталды. Вашингтонда наразылық білдірушілер полицияға су құйылған пластик бөтелкелерді лақтырып, толықтай қоршап алған. Полиция қызметкерлері көз жасаурататын шарларды қолдануға мәжбүр болған. Наразылық білдірушілер жөтеліп, жан-жаққа қаша жөнелген. Ал зардап шеккендер туралы журналистер хабарлаған жоқ.

Вашингтон тұрғындарының наразылықтары ақ үйдің жанында өтті. Алдымен акция бейбіт түрде өткенімен, кейіннен бірнеше ер азаматтар полициямен қақтығысқа түсіп, Chevrolet Suburban көлігін өртеп жіберді. Бұл көлік түрін полиция мен арнайы қызмет өкілдері пайдаланады. Полиция шабуыл жасап, наразылыққа шыққан жас жігіттерді орнына қойды.

Полицейлер бір топ адамның ішіне жалған гранаталарды тастап қорқытты. Кейіннен жанып кеткен бірінші автомобильге жақын жерде екінші көліктің өртенгені белгілі болды. Өрт сөндірушілер көліктердегі от жалынын басқанымен, олар сол уақытта толығымен жанып кеткен еді. Осыдан кейін полиция наразылық білдірушілерді тоқтатып, көшені босатқан еді. Мұндай наразылық шаралары АҚШ-тың Нью-Йорк және Лос-Анджелес қаласында да болып жатыр. 

Дереккөз: stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде