{metadescription}
Қосшыда пәтерде түтінге тұншыққан балалар құтқарылды

Қосшыда пәтерде түтінге тұншыққан балалар құтқарылды

Полиция қызметкерінің ширақ қимылы мен тұрғынның қырағылығының арқасында түтін шыққан пәтердегі ағалы-қарындасты екі бала аман алып қалды.

Ведомствоның мәліметінше, келеңсіз жағдай мамырдың 24-де Целиноград ауданының Қосшы ауылында болған. Бұл туралы Целиноград аудандық ПБ полицияның учаскелік инспекторы, лейтенант Дауыл Әбірахмановқа 23 жастағы Сымбат Жағыпарова есімді тұрғын айтып көмек сұраған.

«Ол өтіп бара жатып тұрғын үйлердің бірінің 5-қабатындағы ашық тұрған терезенің алдындағы тақтайда кішкентай қыздың тұрғанын көріп, полицияға хабарласқан. Аталған мекен-жайға дереу жеткен полиция қызметкері пәтердің есігі ішінен құлыпқа жабылғанына көз жеткізген және ішінен түтінің иісін сезген. Тәртіп сақшысы жабық тұрған есіктің сыртынан зәресі ұшқан балаларға есікті қалай ашу керектігін түсіндірді», - дейді ведомстводан.

Тәртіп сақшысы көк түтін басқан пәтерден бірінші кезекте терезенің алдында тұрған 6 жасар қызды және оның 8 жастағы ағасын қауіпсіз жерге шығарды. Белгілі болғандай, балалардың анасы мас күйінде газ плитаға тамақты қойып, өзі ұйықтап қалған. Осылайша, полиция лейтенанты мен бейтаныс тұрғын өрт алдын алып, балалар мен оның анасының өміріне араша түсті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде