{metadescription}
Алматы облысында аю Ресей азаматын талап өлтірді

Алматы облысында аю Ресей азаматын талап өлтірді

Алматы облысында өз баласын қорғамақ болған аю балық аулауға барған адамды талап өлтірді.

Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы Алакөл ауданының тауларында орын алды. Аю 1979 жылғы Ресей Федерациясының азаматына шабуыл жасаған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне оқыс оқиға ретінде тіркелді.

«Куәгерлердің айтуы бойынша, қайтыс болған адам туыстарына демалуға келген Лепсинск ауылының тумасы. 28 мамыр күні оқыс оқиғаға тап болған ер адам «Лайка» тұқымды иттімен және үш танысымен бірге атпен Лепсі өзеніне балық аулауға барған. 30 мамыр күні, үйге қайтып келе жатып, жолаушылар алты шақырымға жуық жол жүрген. Сол сәтте ит аюдың қонжықтарын байқап оны қуған. Итті борсықтың ізіне түсті деп ойлаған атты жолаушы соңдарынан ерген. Ағаштардың өсіндісіне жүгіріп кеткен ит, бір мезетте қатты ұлыған. Қаза болған адам итіне көмектеспек болып ағаш өсінділеріне кіріпті. Біраз уақыт өте ер адамның қатты дауысы естілген. Сол сәтте бұталарды сындыра өсінді арасынан, жылқы мен адамдарды қорқыта аю шығып, орманға қарай қашқан. Қаза болған адамның достары оның денесін көптеген сынықтар мен жарақаттары бар, өмір белгілерінсіз тапқан, зақымданулар иттен де табылған», – дейді Алакөл аудандық Полиция бөлімінің басшысы Қуат Оспанов.

Полицейлер көктемгі кезеңде аюлар өз қонжықтарын қорғау мақсатында агрессивті болатындығын және осыған байланысты сақтық шараларын сақтау қажеттілігін ескертті. Адамға шабуыл жасауға итермелеген себеп ретінде аюдың қонжығын қорғамақ болғанына байланысты, аю атылмайды.

Дереккөз: Polisia.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.