{metadescription}
Алматы тауында жоғалған Әсел Панарғалиеваның денесі табылды

Алматы тауында жоғалған Әсел Панарғалиеваның денесі табылды

Алматы тауларында жоғалып кеткен турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылды.

Бұл мәліметті ҚР ІММ ТЖК жедел-құтқару жасағының өкілдері растады. Ведомство мәліметінше, қыздың денесі кеше, 31 мамырда БАО-ның үстіндегі, Космостация аймағында табылғандығы атап өтілді. 

Еске салайық, Әсел Панарғалиеваны іздестіру жұмыстары 6 айдан аса уақытқа созылған. Жалғыз қыз 2019 жылдың 9 қарашасында Үлкен Алматы шыңына бет алды, содан бері байланысқа шықпады. Полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер әйелді іздеуге кетті. Іздеуді бірнеше рет жандандырған да еді. Тікұшақ көкке көтерілген еді, ал жоғалған әйелдің туыстары іздеуде көмек көрсеткендер үшін сыйақы жариялады, бірақ бәрі де нәтижесіз болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.