{metadescription}
ШҚО-да үшінші қабаттан құлаған сәби аман қалды

ШҚО-да үшінші қабаттан құлаған сәби аман қалды

Шығыс Қазақстан облысында сәби үшінші қабаттағы терезеден құлап, аман қалды, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Ведомство 30 мамыр күні Алтай қаласында бір жарым жасар сәби үшінші қабаттан дүкеннің маңдайшасына құлап кеткенін хабарлады.

«Пәтерде терезенің жанында диван тұрған. Сол арқылы бала терезеге оңай көтерілген. Москит торы бала салмағын көтере алмаған, осылайша шақалақ құлап кеткен. Бала аман, ауруханада жатыр», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Бұл – облыстағы биылғы жылғы алғашқы оқыс жағдай. Құтқарушылар кішкентай балалар бар пәтерлер тұрғындарына арнайы терезе құлыптарын орнатуға, жиһаздарды терезе маңынан алысырақ қоюға шақырды. Ең бастысы, кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға болмайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.