{metadescription}
Мейрамхана қонақтарына робот-даяшылар қызмет көрсетеді

Мейрамхана қонақтарына робот-даяшылар қызмет көрсетеді

Робот-даяшылар мейрамханада коронавирус пандемиясына дейін пайда болған.

1 маусымнан бастап Нидерландта қытайлық Royal Palace мейрамханасының қонақтарына робот-даяшылар қызмет көрсететін болады, деп хабарлайды apnews.com. Агенттіктің мәліметінше, робот-даяшылар елдің Ренессе атты кішігірім қалашығында орналасқан мейрамханада коронавирус пандемиясына дейін пайда болған. Мейрамхана жетекшісі роботтарды бизнесін оңтайландыру мақсатында  2019 жылдың күзінде сатып алған екен. Ол кезде мейрамхана жетекшісі бұл қадамының қазіргі қиын шақта орасан пайда әкелерін білмеген еді. 

Мейрамхана басшылығы бұл құрылғылар әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтауға көмектесетінін айтады. Жалпы, Нидерландтағы мейрамханалар бүгіннен бастап ашылды. Қонақтар мен қызметкерлерге бір-бірінен 1,5 метр қашықтық сақтау міндеттелді. Мейрамханаға бір мезгілде 30 адам ғана кіре алады.

Дереккөз: Baq.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.