{metadescription}
Білім министрі ҰБТ-дағы жаңашылдықтарды атады

Білім министрі ҰБТ-дағы жаңашылдықтарды атады

Биыл ҰБТ тапсыруға кірер кезде түлектердің бет-әлпетін тану – тұлғаны сәйкестендіру алғаш рет қолданылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«ҰБТ белгіленген мерзімде, яғни, 25 маусымнан 5 шілдеге дейін санитарлық талаптарды қатаң сақтау арқылы 161 пунктте өткізіледі. Барлығы 131 755 адам тест тапсырады. Биыл ҰБТ қағид аларына бірнеше жаңашылдықты да енгіздік. Атап айтқанда, ҰБТ-ға қатысу үшін кіру кезінде бет-әлпетін тану Face ID көмегімен тұлғаны сәйкестендіру алғаш рет қолданылады. Жылда берілген қағаз сертификаттың орнына ҰБТ электронды сертификаты және білім беру грантын тағайындау кезіндегі электронды куәлікті енгіздік», - деді министр.

Сонымен қатар, SAT және IB халықаралық тестерінің ұпайын ҰБТ балына аудару шкаласы енгізілді, сондықтан осы сертификаттары бар түлектер ҰБТ тапсырудан босатылып, білім грантын тағайындау конкурсына осы ауысқан баллмен қатыса алады. Министр шекті балл жинамаған адамдар енді жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие екенін еске салды. 

«Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талап күшейтілуде. Бұл туралы Президенттің тапсырмасы да бар. Мәселен, педагог болу үшін шекті балл алдыңғы жылы 50-ден 60-қа көтерсек, биыл оны 70 балға дейін көтеріп отырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Талапкерлерден тыйым салынған заттар табылған жағдайда немесе бейнежазбаның сараптамасын қарау кезінде анықталған болса, онда ҰБТ нәтижесі, сондай-ақ білім беру гранты жойылады. Бұдан бөлек, тестілеуге қатысатындарға тапсыру орындарында қарапайым калькулятор беріледі. Ал тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан төрт сағатқа дейін ұзартылады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде