{metadescription}
Шымкентте аяусыз соққыға жығылған 17 жастағы жігіт қайтыс болды

Шымкентте аяусыз соққыға жығылған 17 жастағы жігіт қайтыс болды

Шымкентте төбелестен 17 жастағы жігіт көз жұмды.

Түркістан облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан Абзал Өткіров бас ми жарақатының ауырлығынан, ес жимаған күйінде 1 маусымда сағат 23.45-те жантәсілім етті. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, жасөспірім ауруханаға 23 мамыр күні жатқызылған.

Еске салайық, қайтыс болған жігітті 22 мамыр күні түнде Маятас ауданында ұрып-соққан. Студент достарымен кездесемін деп кеткен, содан көшеде бір топ жігітті кездестіріп, салдарынан төбелес шыққан. Слдарынан екі адам жарақат алды, бірақ әсіресе Абзалдың жарақаттары ауыр болды.

"Құлағы мен басынан қан кетт, саусақтарында тырнағы қалмаған. Аяусыз ұрып-соққан. Менің інім спортшы болатын. Оны 7-8 адам жабылып ұрған. Бірақ төбелеске одан да көп адам қатысты. Қазір шамамен 15 адам сот ісіне қатысуда. Олардың төртеуі соттың мақұлдауымен қамауға алынды. Бірақ мен барлығының жауапкершілікке тартылғанын қалаймын. Жай сол жерде тұрып, төбелескендерді ажыратпағандардың да жауапкершілікке тартылғанын қалаймын", - деген еді бауырларының бірі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде