{metadescription}
Қарағандыда бір жасар сәби терезеден құлап кетті

Қарағандыда бір жасар сәби терезеден құлап кетті

Қарағандыда екінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен бір жасар сәби құлап кетті.

Кішкентай қызға ота жасаған, дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. 1 маусым күні сағат 12:00-де Қарағандыда 2019 жылы туған сәби екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауруханаға жеткізілді.

«2019 жылы туған бала Х.Ж.Мақажанова атындағы Көпбейінді аурухананың жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды. Төменгі жақтың екі жағындағы сүйек ашық сынған. Шақалақ келіп түскеннен кейін ота жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты. Орташа ауыр деңгейде», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

ТЖД хабарлағандай, бұл – Қарағанды облысындағы биылғы жылдың сәуір айынан бергі балалардың терезеден құлауының 9-шы оқиғасы. Бұған дейін мұндай оқиғалар Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск қалалары мен Сарышаған кентінде болған. Құтқарушылар балаларды қараусыз және ашық терезе алдында жалғыз қалдырмауды ескертеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде