{metadescription}
«Шаңырақ» жобасы баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін шешуге көмектеседі

«Шаңырақ» жобасы баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін шешуге көмектеседі

Кезекте тұрғандардың баспана мәселесін шешу үшін биыл «Шаңырақ» пилоттық жобасы ашылады.

«Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін «Шаңырақ» пилоттық жобасын іске қосамыз. Бұл үшін 390 млрд теңге бөлінеді, оның 180 млрд теңгесі өңірлерде салынатын әлеуметтік баспана құрылысына жұмсалады. 210 млрд теңге кезекте тұрғандарды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы «5-10-20» шарттары бойынша несиелеуге жіберіледі», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде.

Оның айтуынша, жыл басынан бері шамамен 25 мың тұрғын үй немесе 3,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Жыл басынан бері 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу және 39 мыңнан астам отбасын мемлекеттік қолдаумен қамту жоспарланған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде