{metadescription}
Павлодар: Дүлей дауылда жасөспірім қыршынынан қиылды

Павлодар: Дүлей дауылда жасөспірім қыршынынан қиылды

Павлодар облысында жасөспірімнің үстіне ағаш құлап кеткен.

Оқыс оқиға салдарынан жеткіншек мерт болды. Бұл туралы облыстық ТЖД мәлім етті. Оқиға 1 маусым күні Баянауыл ауданында ұл бала тұратын жеке үйлердің ауласында орын алған. 

"Қатты соққан желдің кесірінен қурап тұрған ағаш 16 жастағы жасөспірімнің үстіне құлап кеткен. Дене жарақаттары ауыр болғандықтан бозбала ауруханада көз жұмды", - деді ТЖ департаментінің орынбасары Самат Асайынов. 

1 маусым күні Павлодар облысының кей аймағында жылдамдығы 22 м/с болатын қатты жел соққан. Сол себепті Павлодарда, Ақсу және Железинск аудандарында кейбір ғимараттардың шатыры ұшып кетіпті. Бірнеше жерлерде теректер де құлапты. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде