{metadescription}
Қазақстанда 7 журналист коронавирус жұқтырды

Қазақстанда 7 журналист коронавирус жұқтырды

Бас мемлекеттік санитар дәрігер індетке шалдыққан журналистердің үшеуі ауруханадан шыққанын хабарлады.

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының жеті өкілі коронавирус жұқтырған. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. 

"Республика бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының 7 өкілі ауырды. Оның үшеуі емделіп, ауруханадан шықты. Ал төртеуі тиісті ем алып жатыр", - деді Есмағамбетова тікелей эфирде.

Ол науқастардың барлығында ауру жеңіл түрде өтіп жатқанын нақтылады. 21 мамырда "Еуразия" телеарнасының екі қызметкерінен коронавирус табылғаны хабарланған еді. Осыдан кейін телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы режимге ауыстырылды. 22 мамыр мен 7 маусым аралығында "Қазмедиа орталығы" ғимаратында кіріп-шығуға шектеу енгізілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.