{metadescription}
Коронавирустың екінші толқынынан сақтану шаралары

Коронавирустың екінші толқынынан сақтану шаралары

Айжан Есмағамбетова қауіптің алдын алу үшін мамандарды оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылып жатқанын атап өтті.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус індетінің екінші толқынын болдырмас үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын айтты.

"Халықаралық тәжірибе ауру белгілері байқалмайтын және жеңіл түрімен ауыратын адамдар амбулаторлық түрде емделетінін көрсетіп отыр. Осыған байланысты алғашқы медициналық-санитарлық желіге жүктеме артады. Қазір мамандарды оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылып отыр", - деді Есмағамбетова тікелей эфирде.

Ол коронавирустың екінші толқынының алдын алу үшін зертханалардың тестілеуге дайындығын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

"Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің, санитарлық көмектің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің кадрларын даярлау қажет. Маусымдық ауруға дайын болу үшін негізгі бағыттар осы", - деді бас санитар дәрігер.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға халық көп жиналатын орындарда тепловизор орнату мәселесін қарастыру тапсырылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде