{metadescription}
Алматыда 3-маусымда ашылатын нысандар

Алматыда 3-маусымда ашылатын нысандар

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысына сәйкес қаладағы фитнес-орталықтары, бассейндер мен білім орталықтары 3 маусымнан бастап ашылатын болды.

2020 жылдың 3 маусымынан санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда 30 адамнан аспайтын көлемде мына нысандардың жұмысына рұқсат беріледі:

  • Оқу жаттығу жұмысын жүргізу үшін спорт нысандары;
  • Дене шынықтыру сауықтыру орындары (фитнес клубтар, жаттығу залдары);
  • Білім орталықтары мен үйірмелер (алдын ала жазылу арқылы);
  • Балаларға арналған түзету орталықтары;
  • Саябақтар мен скверлер ашылады
  • Бұған қоса жаңа қаулыда нысанда басшылары санитарлық талаптарды толық орындау керектігі айтылған. 

Еске салайық, 25 мамырдан бастап қалада сауда орталықтары ХҚКО ашылған еді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.