{metadescription}
Коронавирустың адам ағзасына қайтымсыз кері әсері

Коронавирустың адам ағзасына қайтымсыз кері әсері

Америкалық дәрігерлер коронавирустың адам ағзасына деген қайтпас әсері туралы айтты.

Дәрігерлер коронавирустан емделіп шыққан науқастардың дәм және иіс сезу қасиеттерінің жоғалып кеткенін айтады. Аурудың басқа белгілері қайтса да, аталмыш симптомдар сол күйі жазылмаған. Тіпті, індетке шалдыққандар бұрынғы қалыпқа келуі үшін екі аптадан көп уақыт кеткен. Мамандардың сөздерінше, дәм және иіс рецепторларының қызметінің дұрысталуының белгілі бір уақыты анықталмапты. 

"Иіс сезу рецепторлары миға баратын жолда орналасқандықтан вирусты өткізбеу үшін өз қызметін жояды", - дейді зерттеу жүргізген мамандардың бірі Даниэлла Рид.

Ең сұмдығы, кейбір науқастардың дәм және иіс сезу қабілеті сол күйі оралмапты. Сарапшылар алдағы уақытта олардың рецепторларының жұмысы қалпына келуі мүмкін еместігін айтқан. 

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде