{metadescription}
Президент латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірді

Президент латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында Қазақстан латын әліпбиіне біртіндеп, асықпай көшетінін атап өтті.

Оның айтуынша, бұл процесс Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен "Рухани жаңғыру" тұжырымдамасы аясында қолға алынған. Сондай-ақ ол латынға көшу тек қазақ тіліне қатысты болатынын, орыс тілінің жағдайына еш әсер етпейтінін қосты. Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін жаңғырту қазақ тілінің коммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейту ниетінен туындағанын айтты.

"Әлемдік ақпарат кеңістігі жаңа технологиялардың енуінен тез транформацияланып жатыр. Біздің балаларымызға жаңа реалийге ену керек, себебі негізгі ақпараттық ағын латын графикасына сүйенеді. Қазақ әліпбиін жаңғырту қазақ тілінің коммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейту үшін қолға алынып отыр.

Сонымен бірге біз Орталық Азия мемлекеттерінің тәжірибесін ескере отырып, күштеусіз, табиғи жолмен біртіндеп латын әліпбиіне көшеміз. Бұл арада кириллицадан латынға көшу емес, негізінен, қазақ тілінің емлесіне қатысты реформа туралы сөз болып жатыр. Сонымен қатар, қазақ әдебиеті классиктерінің барлық елеулі еңбектері кириллицада жазылғанын, қазақтың бірнеше буыны кирилл алфавитімен әріп танып, білім алғанын ұмытпауымыз керек. Сондықтан асығыстық бұл үлкен іске зиянын тигізуі мүмкін, оған мұқият байыппен келу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде