{metadescription}
Доллар бағамы 400 теңгеден төмендеді

Доллар бағамы 400 теңгеден төмендеді

Доллар бағамы наурыздың ортасынан бастап алғаш рет KASE -де 400 теңгеден төмендеді.

Таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша KASE-дегі доллар бағамы 396,77 теңгені құрады. Бұл кешегі кешкі сессияға қарағанда 5,5 теңгеге аз: ол кезде америкалық валюта 402,27 теңгеден сатылды.

Мұндай көрсеткіш Қазақстанда соңғы рет наурызда байқалғанын атап өткен жөн. Kurs.kz деректер бойынша, Алматы қаласының айырбастау орындарында доллар 399-404 теңгеден сатылып, 395-400 теңгеден сатып алынады.

Нұр-Сұлтанда доллар 399-403 теңге тұрады. Ал америкалық валютаны 396-398 теңгеден сатып алуға болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.