{metadescription}
Алматыда салынып жатқан ғимарат өртенді

Алматыда салынып жатқан ғимарат өртенді

Алматыда жаңадан салынып жатқан құрылыс нысаны өртенді.

Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше, 3 маусым күні сағат 13:55– те «101» пультіне Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 150 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

«Өрт сөндіру бригадасы шұғыл түрде аталған мекенжайға жіберілді. Өрт салынып жатқан ғимараттан шыққан. Өрт оқпандары екінші бағытта көршілес ғимаратың қорғауына бағытталды. Жүргізілген шаралардың арқасында қызыл жалын 14:14 ауыздықталды. Көрші ғимаратқа таралуына жол берілмеді. Өрт аумағы анықталуда», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге барлығы 17 жеке құрам мүшесі мен 4 техника жұмылдырылған. Жалын толығымен өшірілді. Ғимараттың шатырында сондай-ақ газ балоны жарылғаны анықталды.

Бұған дейін Алматыда дәмхана отқа оранған болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде