{metadescription}
2022 жылға дейін қазақстандықтардың 97%-і интернетпен қамтылады

2022 жылға дейін қазақстандықтардың 97%-і интернетпен қамтылады

Бүгін ҚР Парламенті мәжіліс депутаттары өздері бастамашы болған ауылды сапалы интернетпен қамту туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады.

Депутат Майра Айсинаның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 117 қала мен тұрғындар саны 250 және одан да көп 3 324 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылған. 

"Екі мыңға жуық ауылда мұндай мүмкіндік жоқ. Сондықтан парламент депутаттары осы мәселені көтеріп отыр. Заң жобасындағы нормаларды жүзеге асырудың арқасында екі жылдың ішінде қазақстандықтардың 97%-і интернетпен қамтылады", - деді депутат.

Айсина заң жобасына сәйкес, мобильдік желіге арналған антенналық-мачталық құрылыс жер учаскелерін алу процедурасын жеңілдету қарастырылып отырғанын айтты. Қолданыстағы заң жобасы бойынша жалға алынған жер учаскесін пайдаланудың нысаналы мақсатын өзгерту керек. Демек, жерді жеке немесе ауыл шаруашылығы учаскесі айналымынан шығару қажет. Салдарынан телекоммуникациялық құрылғыны салу ісі екі жылға дейін созылады. Депутаттардың Жер кодексіне енгізген түзетулері байланыс операторының антенналық-мачталық құрылысын жүзеге асыру процесін жеңілдетеді. Бұл үшін жалға алынған жерді пайдаланудың нысаналы мақсатын өзгерту қажет болмайды. 

Сонымен қатар, байланыс объектілерін салу кезінде жер учаскелерін ресімдеу бойынша рұқсат беру рәсімдерін оңайлатуға және байланыс операторларының барлығына телекоммуникациялық инфрақұрылымға тең қол жеткізу мүмкіндігін беруге бағытталған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.