{metadescription}
Алматыда карантин шаралары  күшейтіледі

Алматыда карантин шаралары күшейтіледі

Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күннен-күнге өсіп келеді. 

Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтты.

"Біз осыған дейін ашылған нысандардың қызметін тоқтату мәселесін қарастырамыз. Жүйелі түрде ескерту алып, карантин талаптарын бұзған нысандарды зерттейміз. Олардың қызметін қайта тоқтатамыз. Науқастар әлі де тіркеліп жатыр. Карантин талаптары бұзылатын болса, әрине, қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанбайды. Сондықтан алдағы уақытта карантин шараларын күшейту мәселесін талқылап жатырмыз", - деді Бекшин.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Алматыда коронавирус жұқтырған 2715 адам тіркелген. Вирус жұқтырғандар қаланың барлық ауданында анықталған.

"Алматы қаласы бойынша вирусты сырттан әкелгендердің үлес салмағы 3,7% құрайды. Профилактикалық тексеру кезінде 783 адамнан вирус анықталды, ол 28,8%. Өз еркімен тексеріске келгендердер үлесі 3,3%, байланыста болғандар – 1842 жағдай, бұл 68,8%. Науқастардың 1647 немесе 60% жазылып шықты", - деді Жандарбек Бекшин. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде