{metadescription}
Айзат Молдағасымова жаңа қызметке келді

Айзат Молдағасымова жаңа қызметке келді

Молдағасымованың айтуынша, енді ол Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын басқарады.

Осыған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері лауазымын атқарған шенеунікті кейбір келеңсіз жағдайларға байланысты қызметінен босатқан. Қазіргі таңда бұл қызметті Жандарбек Бекшин атқаруда. Ал белгілі бір себептерге баланысты қызметінен кеткен Айзат Молдағасымова Жұматов атындағы эпидемиология және гигиена ғылыми орталығының басшысы қызметіне тағайындалған. 

Айзат Молдағасымова 1971 жылы дүниеге келген. Мамандығы - гигиенашы және заңгер. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы санэпидстанциясының санитарлық дәрігері қызметінен бастады. Әр жылдары Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің басқармалары мен департаменттерінде басшылық қызметтерді атқарды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде