{metadescription}
Ертең Ай тұтылады - ерекше құбылысты қалай көреміз?

Ертең Ай тұтылады - ерекше құбылысты қалай көреміз?

Ертең, 5 маусымнан 6-сына қараған түні айдың тұтылуы болады.

Табиғи құбылысты барша қазақстандықтар көре алады. Бұл туралы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник айтып берді.

"5 маусым – жұма күні толған ай болады, одан кейін жартылай көлеңкелі айдың тұтылуы басталады. Оның максималды фазасы, яғни Айдың Күн көлеңкесіне кіру тереңдігі 0,59 болады. Негізі, айдың тұтылуын жиі көруге болады. Ол кезде аспандағы Ай планетамыздың дәл ортасында тұрады", - деді Солодовник.

Сондықтан қиыр солтүстіктен басқа Еуразия тұрғындарының түгелі дерлік осы табиғи құбылысты тамашалай алады. Дегенмен, айдың тұтылуын көру үшін біршама дайындық керек. Ғалымның айтуынша, Ай батыстан шығысқа қарай жылжып, Жердің күңгірт көлеңкесінің солтүстік жағы арқылы өтеді. Жартылай көлеңкелі айдың тұтылуы үш сағаттан асады. 

"Ертеңгі тұтылу түнгі сағат 23:43-те басталып, 03:06-ға дейін жалғасады. Ол кезде 6 маусым болады. Ал сағат 1:25-те Ай күңгірт көлеңкенің максималды тереңдігіне кіреді. Осы тұтылуды көру үшін жақсы бинокль немесе телескоп керек. Себебі Ай күңгірт көлеңкеге кіргенде қараңғылық түспейді, айдың жарығы солғын тартады", - деп атап көрсетті Солодовник.

Дереккөз: Sputnik


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде