{metadescription}
Алматы облысында күшікті тірідей өртеп жіберді

Алматы облысында күшікті тірідей өртеп жіберді

Алматы облысының полицейлері күшікті қапқа салып өртегендерді іздестіруде.

Желіде Алматы облысында бірнеше жігіттің күшікті тірідей өртеп жіберген видеосы пайда болды. Оқиға Алакөл ауданындағы Қабанбай ауылында болған. Бейнежазба авторлары қапқа салынған күшіктің үстіне бензин құйып өлтіретінін айтады. Кейін осы сұмдық істі қолдарымен жасап, қуана видеоға түсіреді. Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайтқа байланысты мәлімет берді.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы яғни, жануарларға қатыгездік таныту бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта Алакөл ауданында қылмысты жасағандарды анықтау және оларды ұстау бойынша кешенді тергеу шаралары жүріп жатыр. Олар міндетті түрде заң алдында жауап береді»,- делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Алматы облысындағы жануарларды қорғау қорының өкілдері құқық қорғау органдарына өтініш білдірді.

Ескерту! Видеоны жүрегі ауыратын, жүкті әйелдерге көруге тыйым салынады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде