{metadescription}
Маска тағу ережесін бұзғандарға айыппұл салынады

Маска тағу ережесін бұзғандарға айыппұл салынады

Грузияда маска тағу ережесін бұзғандарға айыппұл салынады.

Грузия парламентіне Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске тиісті түзетулер енгізу ұсынылған. Түзетулерге сәйкес, жабық қоғамдық орында маска тағу ережесін бұзған жеке тұлғаға 50 лари (шамамен 17 доллар) көлемінде айыппұл салынады. Осы арада, өзінің иелігіндегі немесе жалға алып отырған жабық қоғамдық орында адамдардың маскасыз жүруіне жол берген заңды тұлғаға 500 лари (шамамен 170 доллар) көлемінде айыппұл салынады.

Заң жобасына сәйкес, қоғамдық көлікпен, сонымен бірге метрода келе жатып, маска тақпаған жолаушыларға 50 лари көлемінде айыппұл салынады. Маска тақпаған қоғамдық көлік жүргізушісі де 50 лари төлеуі тиіс болады. Таксиге келетін болсақ (М1 санаты), бұл жағдайда жолаушылар да бетперде киюі тиіс. Егер жолаушы маска тақпаса, өзіне де, такси жүргізушісіне де 50 лари төлеуге тура келеді. Сондай-ақ, егер автомобиль ішінде жүргізушімен қоса жол жүріп келе жатқандар саны төрт адамнан асатын болса, барлығы 50 лариден төлейді.

Өзгерістер оқшаулау және карантин ережелерін бұзғандарға да қатысты болады: бұл жағдайда жеке тұлғаға 2 мың лари (шамамен 690 доллар), ал заңды тұлға – 10 мың лари (шамамен 3,4 мың доллар) көлемінде айыппұл төлейді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде