{metadescription}
ДДҰ Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге көбейіп жатқанын айтты

ДДҰ Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге көбейіп жатқанын айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын айтты.

Ханс Клюгенің айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың саны көбеюіне инфекцияны зертханалық жолмен анықтау әдісінің өзгеруі себеп болып жатыр.

"Әзербайжан, Қазақстан сынды елдер соңғы бірнеше аптада тест жасау стратегиясын қайта қарастырды. Енді эпидемиологиялық бақылау жүйесінің арқасында COVID-19 жұқтырғандар көбірек анықталып жатыр", - деді ол.

Маман әлемде карантин шаралары кезең-кезеңмен алынуы керек екенін айтып отыр. 

"Біз шектеулерді жеңілдеткен елдерде вирус өршіп бара жатқанын көріп отырмыз. Егер бұл тенденцияға мән бермесек, екінші толқыны әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін", - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде