{metadescription}
Ақтөбеде 9-сынып оқушысы суға батып кетті

Ақтөбеде 9-сынып оқушысы суға батып кетті

Ақтөбеде 2 адам суға батып кетті, оның біреуі оқушы.

Күн жылынғаннан бері өңірде 6 адам суға батып кеткен. Олар тыйым салынған аумақта шомылған.

«Суға батып кеткен екі адамның біреуі — 9-класс оқушысы. Өзгесі мас күйінде шолымғаны анықталды. Су айдындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін төтенше жағдайлар қызметі, полиция мен Ақтөбе заң институтынан жалпы саны 340-тан астам қызметкер, балалар мен жасөспірімдер инспекторы және волонтерлер күзетті күшейтті. Патрульдеу күнделікті жүргізіледі. Тыйым салынған жерлерде шомылып, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішкені үшін 50 адам әкімшілік жауапқа тартылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

1 маусымнан бастап суға шомылу маусымы ресми түрде басталды. Өңірде 51 жағажай ашу жоспарланды. Оның 11-і коммерциялық, өзгесі коммуналдық. ТЖД сүңгуірлері су айдындарының түбін тексеру және тазарту жұмыстарын жүргізді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде