{metadescription}
Әйел 76 келіден арылып, артық салмақ жоғалтудың тиімді әдісін ашты

Әйел 76 келіден арылып, артық салмақ жоғалтудың тиімді әдісін ашты

Англия Кент округінің тұрғыны 76 келі салмақ тастаудың тиімді әдісін тапты.

Оның жетістікке жету құпияларын Daily Mail басылымы жариялады. Стеф Гилл 18 жыл бұрын өзінің үйлену тойында күйеуі Джон үйдің табалдырығын оны көтеріп аттап өткенін армандағанын мойындайды. Алайда, ерлі-зайыптылар бұл дәстүрді елемеуге мәжбүр болды, өйткені қалыңдықтың салмағы 114 келіден асып кеткен еді.

"Мен қатты қынжылтқан нәрсе, бұны басқалардың қолынан келуі, ал біз олай жасай алмадық", - дейді әйел.

Үйленгеннен кейін де көптеген жылдар бойы бұл арман Гиллді қалдырмады. 2015 жылы британдық әйел өзін қолға алып, бұрыннан келе жатқан арманын орындауға шешім қабылдады. Салмағы 140 келі болғандықтан, ол асқазанға шунттау операциясын жасады. Хирургтар оның асқазан көлемін 80 пайызға кішірейтті.

"Кейбіреулер бұл салмақты жоғалтудың жылдам әдісі деп ойлайды, бірақ салмақ жоғалту үшін өмір салтын өзгерту керек. Сіз шынымен артық салмақтан арылуға ниеттенуіңіз керек", - деді ол.

Гилл жергілікті жүгіру клубына қосылып, үнемі таңертең жүгіре бастады. Содан бері ол бірнеше марафонға қатысып, 64 килограмнан арылды. Ол бұл салмаққа қол жеткізіп қана қоймай, оны сақтай алды.

Өткен аптада үйлену тойының мертойына байланысты Джон әйелінің арманын орындап, оны үйге көтеріп кірді. 16 жасар қыздары түсірген фотосуреттерде Гилл үйлену көйлегі мен күйеуінің қолында, ол оны табалдырықтан оңай көтеріп өткізді. Гилл сымбатты дене бітіміне жетуіне жүгіру қатты көмектескенін атап өтті.

"Жүгіру - физикалық және психикалық денсаулыққа керемет әсер етеді. Мен  сылтау тауып, жаттығудан жалтарып кете алмайтындай спорт түрін таңдағым келді", - деді ол.

Британдық әйел өз тәжірбиесімен басқаларға шабыт беру үшін бөлісті.

"Менің ең жақсы формада болғаным өте керемет. Мен адамдарды мамандардан көмек сұрауға қорықпауға шақырамын. Бұл жағдайда қиын болуы мүмкін, бірақ сонда да қол жетімді", - деп түйіндеді ол.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде