{metadescription}
Алматыда дәрігерлер жүрегі сыр берген жүкті әйелді құтқарып қалды

Алматыда дәрігерлер жүрегі сыр берген жүкті әйелді құтқарып қалды

Алматы қалалық кардиологиялық орталығының дәрігерлері жүктіліктің 32 аптасында жүрегі сыр берген 35 жастағы келіншекті құтқарып қалды.

Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, пациент ауруханаға жүрек соғысы жиілеп түскен. Оның тынысы тарылып жүрек соғысы минутына 160-тан асып кеткен. Жүректің жиырылу функциясы қалыпты кезде 55-70 пайыз болса, әйелде 38 пайызға түсіп кеткен. Бұл іштегі баланың өміріне де қауіп төндірген.

Медициналық препараттармен әйелдің жүрегінің жұмысын қалыпқа келтіре мүмкін болмаған.

«Клиникалық аухалды бағалай отырып аритмология орталығының дәрігерлері электрокардиоверсияға жүгінбеді. Сонымен қатар рентген жасау да қауіпті болды. Пациенттің оң жақ жүрекшесіне электрод енгізілді. Соның арқасында жүрек соғысы қалпына келтірілді», - деді артимология бөлімінің меңгерушісі Бекжан Арменұлы.

Ота 10 минут созылған. Үлкен тіліксіз жасалған ота нәтижесінде салынған электрод аз уақыттан соң қайта алынды. Қазір әйел үйіне шыққан. Дәрігерлердің бақылауында. Сабіи мен ананың денсаулығына төнген қауіп сейілді.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде