{metadescription}
2007 жылы қыздың жұмбақ жоғалуына байланысты басты күдікті пайда болды

2007 жылы қыздың жұмбақ жоғалуына байланысты басты күдікті пайда болды

2007 жылы Португалияда ата-анасымен демалыста жоғалып кеткен Мэделин Макканның ісі бойынша басты күдікті Германиядан табылды. 

Неміс прокурорларының айтуынша, қыздың қайтыс болуы мүмкін. Осыған қарамастан тергеуге жүріп жатыр, іс бойынша жаңа күдікті - 43 жастағы Германия азаматы. Оның аты-жөні жарияланбайды, алайда оның бойы180 сантиметр, шымыр денелі, аққұба шашты адам екені белгілі.

The Telegraph-тың хабарлауынша, бірнеше қылмыстық баптар бойынша сотталған адам туралы әңгіме қозғалуда, оның ішінде балаларға сексуалдық зорлық жасағаны үшін де сотталған. Қазір ол Макканның ісіне қатысы жоқ қылмыстары үшін жазасын өтеп жатыр. Тергеуді Брауншвейг қаласының прокуратурасы бастады, өйткені күдіктінің Германиядағы соңғы тіркелген мекен-жайы осы жерде.

Қыз жоғалып кеткен күні, Прайя-да-Луш курортында оның отбасы тұратын бөлменің жанында ұзын бойлы, ақ шашты екі ер адам көрінгені айтылады. Полицейлер бұл кезде басты күдіктінің курорттың жанында тұрған үйде тұрғанын және Jaguar көлігінің қожайыны болғаны белгілі. Мэделин жоғалғаннан бір күн өткен соң, ер адам көлікті басқа атпен тіркеген.

2013 жылы Скотланд-Ярд британдық қызды ұрлау фактісі бойынша тергеуді қайта бастады. Ұлыбритания полициясы Макканн ісін 2011 жылы сол кездегі премьер-министр Дэвид Кэмеронның өтініші бойынша бастады. Содан бері тергеушілер Португалияға 16 рет барып, аталған іске қатысты 30 мыңнан астам құжат жинады.

Португалия билігі Мэделинды ұрлау ісін 2008 жылдың шілдесінде тоқтатты. Ұзақ уақыт бойы жергілікті тергеушілер қыздың ата-анасын күдікті деп санады, бірақ кейіннен оларды ақтады. Португалдық жылжымайтын мүліктің иесі британдық Роберт Мьюрэт деген күдікті қыздың із-түссіз жоғалған жердегі вилланың иесі болған. Мьюрэт тергеуге өзінің аударма қызметін ұсынды, бірақ бірнеше күннен кейін оған күдік пайда болды. Ол ақталып шықты, кейіннен британдық таблоидтерден үлкен соманы алуға мүмкіндік алды.

Португалия полициясының тергеуі бірнеше рет сынға ұшырады. Атап айтқанда, көптеген ықтимал айғақтарды сақтау мүмкін болмады, өйткені полиция оқиға болған жерді ұзақ уақыт бойы қоршап алмады және жоғалған түні қасындағы қыздың ойыншықтарын бірден тексермеді. Бұдан басқа, бірнеше сағаттан кейін қыздың сипаттамасы күзетшілерге таратылмады, ал аумақтан шыққан көліктер әрең тексерілді.

Төрт жасар Мэделин Макканн 2007 жылы мамырда Португалиядағы Алгарве курортындағы қонақ үйдің жатын бөлмесінен ұрланған. Қыздың ата-анасының досының айтуынша, ол қонақ үйдің жанынан жалаң аяқ бала ұстаған ер адамды көрген. Ер адамның сипаттамасы сол курортта демалыста жүрген Ирландиядан келген туристер отбасының тағы бір айғақтарымен сәйкес келді. Кейіннен қыздың басқа елдерде, соның ішінде Испания мен Мароккода кездескендігі туралы хабарламалар болды, бірақ олардың бірде-біреуі расталмады.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде