{metadescription}
ДДҰ масканы міндетті түрде тағу керек екенін айтты

ДДҰ масканы міндетті түрде тағу керек екенін айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бетперде тағуға қатысты ұсынысын өзгертті.

Ұйым қоғамдық көлік пен дүкендерде масканы міндетті түрде қолдану керек екенін айтты. Мұның алдында ДДҰ масканы тек коронавирус жұқтырған науқастарға тағу ұсынылады деген мәлімдеме жасаған.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үкіметтерге кеңес берді. Ұйым коронавирус кең таралып, қашықтық сақтау қиындайтын жерлерде халыққа бетперде тағуды ұсыну қажет деп отыр. Мәселен, қоғамдық көлік пен дүкендерде маскасыз жүрмеген жөн", — деді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус брифингте.

ДДҰ вирус белсенді таралған аудандарда және физикалық қашықтық сақтау мүмкін емес жерлерде созылмалы аурулары бар және 60 жастан асқан адамдарға маска тағуды ұсынады. Сондай-ақ, масканы барлық медицина қызметкері тағуы тиіс. ДДҰ ұсынымдарында вирустан тиімді қорғану үшін маска кем дегенде үш қабаттан тұруы тиіс екені жазылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде