{metadescription}
Әкімдік Алматыдағы митинг туралы ақпарат берді

Әкімдік Алматыдағы митинг туралы ақпарат берді

Алматыдағы митинг заңсыз болып саналады.

Алматы Қоғамдық даму басқармасына 6 маусымдағы жағдай бойынша әкімдікке бейбіт митингілер мен жиналыстар өткізу туралы өтініш келіп түспеген. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде ұйымдастыруға үгіттелген митинг заңсыз болып табылады.

"Бейбіт митинг өткізу туралы әкімдікке заңнамаға сәйкес хабарланбады. Сондықтан әлеуметтік желіде тарап жатқан митингіге шақырулар заңсыз болып табылады", - деді қалалық әкімдікте. 

Жергілікті атқарушы билік заңсыз митингіні ұйымдастырып, өткізу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескерті. 

"Қазақстанда бейбіт жиындар ұйымдастыру және өткізу туралы" заң бойынша қалалық әкімдікке 5 күн бұрын хабарлау керек. Заң талабына сәйкес, бейбіт жиындар арнайы орындарда ғана өткізілуі тиіс.

Жақында Бас прокуратура заңсыз митингілерге қатысқаны үшін жауапкершілік туралы ескертті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде