Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда мектеп түлектері жол үстінде тағы да ереже бұзды
Алматыда көлік мінген тағы да бір топ түлек жол ережесін бұзды.
08:30 07.06.2020
Бұл видео әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Жастар жүріп бара жатқан көліктің терезесінен, төбесіндегі терезесінен шығып алған. Олардың кейбірі қарама-қарсы жолаққа шығып, дабылдарын қосқан. Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол ережесін бұзғандарға қатысты шара қабылдайтындығын мәлімдеді.
Мұның алдында Медеу шатқалында жүріп бара жатқан көліктің терезесінен шығып алып жол ережесін бұзғандар ҚР ӘқбК бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылған болатын. Биыл пандемияға байланысты Қазақстанның мектеп бітірушілері 3-4 маусымда барлық санитарлық нормаларды сақтап, аттестат алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram