{metadescription}
Павлодар облысының тұрғыны үшемді өмірге әкелді

Павлодар облысының тұрғыны үшемді өмірге әкелді

Ана мен баланың жағдайы жақсы.

Бұл туралы облыстық перинаталдық орталық бас дәрігерінің орынбасары Любовь Ходырева мәлімдеді.

«Ақсу қаласының 28 жастағы тұрғыны екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Қыздың салмағы - 1,6 келі, ал ұлдар үлкенірек - 2,2 және 2,4 келі. Бұл - ақсулық келіншектің үшінші рет жеңілденуі. Үшем кесарь тілігі арқылы алынған», - дейді орталықтың бас дәрігері.

Айта кетерлігі, бұл - Павлодар облысындағы биылғы алғашқы үшем.

Еске сала кетейік, Қазақстан қатаң карантин шараларына оралуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде