{metadescription}
Келесі жылы бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі

Келесі жылы бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі

Бүгінде оқушылар сарайларында 560-тан астам балалар технопаркі мен робот техникасы кабинеті жұмыс істейді.

2021 жылы мектептерде "Цифрлық сауаттылық" пәні бірінші сыныптан бастап енгізіледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

"2021 жылдан бастап "Цифрлық сауаттылық" пәні бірінші сыныптан бастап енетін болады. Балалар мектепте оқығанда алгоритмді, ақпараттық гигиена мен қауіпсіздікті, кодтау тілін үйренеді. Робототехника негіздерін меңгереді", - деді министр үкімет отырысында.

Сондай-ақ оның айтуынша, оқушылар iOS, Android операциялық жүйелерін үйренеді. Ол үшін облыс орталықтарында жаңа 25 арнаулы ІТ лицей ашылған. Бұдан бөлек, 447 STEM зертханасы мен екі мыңға жуық робот техникасы кабинеті ұйымдастырылды. Оқушылар сарайларында 560-тан астам балалар технопаркі мен робот техникасы кабинеті жұмыс істейді.

"Бірақ, бұл әлі де жеткіліксіз деп есептейміз. Осыған байланысты арнаулы программалау мектептерін әр облыста ашуды әкімдіктерге тапсыруды сұраймын", - деді министр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.