{metadescription}
Ер адам мүгедек әйелін жертөлеге қамап, өлімші етіп сабап тастаған

Ер адам мүгедек әйелін жертөлеге қамап, өлімші етіп сабап тастаған

Ресейдің Бийск қаласында жергілікті тұрғын мүгедек әйелін жертөлеге тастап, оны өлімші етіп сабап тастаған.

Алтай өлкесі бойынша тергеу комитеті басқармасының сайтында хабарланғандай, сәуір айының басында 56 жастағы ер адам ішімдік ішіп алып, денсаулығына байланысты өзі қозғала алмайтын 68 жастағы әйелін соққының астына алған, кейін жертөлеге лақтырып тастаған. Келесі күні ол әйелді жертөледен шығарып, тағы да ұрған - алдымен қолымен, содан кейін басы мен денесіне түрлі аяқ киіммен кемінде 20 рет соққы берген.

Әйел ауруханаға жеткізілді, бірақ ол алған жарақаттарынан көз жұмды. Күйеуінің мұндай жауыз әрекетке баруының себебі - жоғалған ақша. Ресейлік азаматқа қарсы ҚК-тің "абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған адам өміріне қауіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс сотқа жіберілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.