{metadescription}
Оқушы қызды артынан ұрып жіберген мұғалім 10 жылға сотталды

Оқушы қызды артынан ұрып жіберген мұғалім 10 жылға сотталды

Ресейдің Пермь қаласында жетіні сынып оқушысын ұрған математика мұғаліміне қатысты сот үкім шығарды.

Математика мұғаліміне қатысты процесс жабық режимде өтті, себебі іс кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық-зомбылық болды. Сот Валерий Сыропятовты 9,5 жылға қатаң режимдегі колонияға қамауға үкім шығарды. Сотталушының сөзіне қарағанда, оқиға мынадай күйде өрбіген: алгебра пәнінен үлгерімі төмен 7 сынып оқушысы сабақтан кетуге тырысқан, осы уақытта 25 жылдан бері сабақ беріп келе жатқан мұғалімнің жүйкесі сыр берген. Оқушыны шығарып, оны алақанымен ұрып жіберген. Мұғалім бұл әрекетке педагогикалық мақсатта барғанына сендірмек болды.

"Тәртіпке салу сәті болу керек қой, тоқсан бойы оқымайды, 20 минут отырды да кетті. Анасынан шағым түсті - сіз менің қызымды құйрығынан ұрыпсыз деген. Мен мұны мойындады. Және отбасыдан кешірім сұрады. Мен заңға қайшы ештеңе жасамадым", - деді Валерий Сыропятов.

Ал тергеушілер Сыропятовтың іс-әрекеттерінде интимдік көріністерді байқады. Сонымен қатар, мектеп оқушысы мұғалім ұзақ уақыт бойы арам ойын айқын сездіріп келген. Және де сотталушының айтқаны оқиғаның тек бергі жағы екен. Мемлекеттік айыптаушылар жазықсыз соққылардың өзін ғана сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері деп бағаламайтынын түсіндіреді.

"Сараптамалық зерттеулер жүргізілді, нақты айта алмаймын, бұл жабық отырыс, бірақ сот алқасы сотталушының кінәсін мойындау үшін дәйектер жеткілікті болды", - деді Орджоникидзе ауданы прокурорының көмекшісі Дмитрий Шишкин.

Оқиға куәгерлері табылған жоқ, өйткені Сыропятов көрші кабинетте профилактикалық әңгіме жүргізген. 

"Жетінші сынып оқушысын басқаларға бақылауды жазуға кедергі болмас үшін алып шықтым",  - деп түсіндірді бұл әрекетін сотталушы.

Алайда оның бұл әрекеті оған қарсы ойнады, оның түлектері болған оқиғаға түсініктеме естуге тырысты.

Дереккөз: stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде