{metadescription}
Бір жарым жасар қызына зорлық көрсеткен әкені сот ақтап алды

Бір жарым жасар қызына зорлық көрсеткен әкені сот ақтап алды

Татарстан прокуратурасы өткен жылы бір жарым жастағы қызын жыныстық зорлық көрсеткені үшін айыпталып, сот барысында ақталған 27 жасар Бугульман тұрғынының үкіміне шағымданды.

Бұл туралы Татарстан прокурорының аға көмекшісі Руслан Галиев мәлімдеді. Прокурор тергеу барысында сот медициналық сараптама жүргізгенін атап өтті. Мамандар қызға келтірілген жарақаттарды кездейсоқ жасалған қадам деу ақылға қонымсыз деген қорытындыға келді.

"Қандай жағдай болса да, баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Алайда, үкімде бұл туралы айтылған жоқ. Сондықтан прокуратура Бугульмин аудандық сотының шешіміне қарсы Татарстанның жоғарғы сотына шағымданды", - деп хабарланды басылым беттерінде. 

Айта кетейік, 2019 жылдың қазан айында шақыртумен келген жедел жәрдем дәрігерлері бір жарым жастағы қыздан қан кеткені туралы анықтаған. Дәрігер-гинеколог сәбиге зорлық жасалған деген қорытындыға келеді. Басты күдікті - қыздың өз әкесі. Өйткені, оқиға болған күні қызымен және тағы екі баласымен үйде отырған, жарақат алғандығы туралы хабарлаған.

Алғашында ер адам қызының жаялығын ауыстырып жатып, жарақат келтіріп алғанын айтып ақталған. Кейінірек ол әйелімен болған жанжалдан соң, өзін ұстай алмай баласына тап бергенін мойындады. Сот отырысында жұбайы оны қолдаған және сот "кінәліні" ақтап шыққан еді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде