{metadescription}
Ресейдегі қазақстандықтар 15 қыркүйекке дейін тіркеуден босатылды

Ресейдегі қазақстандықтар 15 қыркүйекке дейін тіркеуден босатылды

Ресейде тіркеу мерзімі аяқталып жатқан Қазақстан азаматтарына 15 қыркүйекке дейін айыппұл салынбайды.

Қазақстандықтар қыркүйек айының ортасына дейін тіркеуден босатылады. Ресей президенті Владимир Путин COVID-19 індетіне байланысты шетелдіктердің құқықтық мәртебесін реттеудің уақытша шаралары туралы жарлыққа қол қойды. 

"15 наурыз-15 қыркүйек аралығында тіркеу мерзімі аяқталатын Қазақстан азаматтарына айыппұл салынбайды, депортацияланбайды", - деп жазылған елшіліктің сайтында.

15 қыркүйектен кейін Ресейде қалғысы келетін қазақстандықтар тіркеуден өтетін болады. Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай кезінде мерзімі өткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде