{metadescription}
Тоқаев пен Назарбаев қалай танысты

Тоқаев пен Назарбаев қалай танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған мақаласында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қалай танысқанын жазды.

"Менің Елбасын алғаш көр­геніме де 35 жылдың жүзі болып­ты. Нұрсұлтан Әбішұлы 1985 жыл­дың қыркүйегінде Қазақ КСР Ми­нистрлер Кеңесінің төрағасы кезінде Қытайға келген еді. Ол кезде елшілікте жұмыс істейтінмін. Сон­да Үкімет басшысының қы­тай­лық­тар­мен келіссөздер барысында бай­қалған мол біліміне, тоталитаризм тұсын­да қа­лып­тасқан жайлар жөніндегі батыл ойларына, сөзінің жүйелілігіне бәрі­міз қатты разы болғанбыз. Елшілік қызмет­керлерімен бас-аяғы екі жарым сағатқа созылған бейресми әңгімеден кейін бас қос­қанымызда мен әріптестеріме қарап: "Те­гінде, біз Қазақстанның болашақ бас­шы­сымен сөйлескен шығармыз" дедім. Арада бес жыл өткенде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бас­­шы­лығына келді.

Қазақстанның Тұңғыш Прези­дентінің тәуелсіздік таңындағы алғашқы кадрлық шешімдерінің бірі менің де тағдырымды ай­қын­дап берді. "Беласу" атты кіта­бымда: "Бұл үлкен жүректі адам менің қабілетіме сенді, сенді де оны өзім туып-өскен Қазақ­стан игі­лігі үшін аямай жұмсауыма жол ашты" деп жазған болатынмын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның сөзіне қарағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хат­­шы­­сының орынбасары бол­ған жылдарында әлемге әйгілі саясат­кер­лердің Нұрсұлтан Назарбаевқа биік ба­ға берген сөздерін талай естіген. Сонымен қатар, Тоқаев ел басқару ісінде Нұрсұлтан Әбішұлы Уинстон Чер­чилль­дің "Қиын уақытта елді мықты басшы басқаруы керек" деген сөзін басшылыққа алғанын атап өтті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде