{metadescription}
Елордада достарын көлігінің жүксалғышына отырғызып қыдыртқан жүргізуші ұсталды

Елордада достарын көлігінің жүксалғышына отырғызып қыдыртқан жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтанда екі досын жүксалғышқа салып қыдыртқан жүргізуші ұсталды.

Instagram әлеуметтік желісінде екі жігіт таң самалымен Нұр-Сұлтандағы Тілендиев көшесінде көліктің жүксалғышына отырып қыдырған видео пайда болды. Оқиға 19 маусым таңғы 04:03-те болған. «ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, екі досын жүксалғышқа отырғызып алған. Көлік жүргізушісі 28 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

Оған ҚР ӘҚБК «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» бабының бірінші тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Басқа тәртіп бұзушылар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде