{metadescription}
Баспасөз хатшысы Елбасының денсаулығы туралы жазба жариялады

Баспасөз хатшысы Елбасының денсаулығы туралы жазба жариялады

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясынан айықты.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты.

«Жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөлетін болады», - деп жазды А.Үкібай Twitter-де.

Еске сала кетейік, Елбасының тапсырған тесті оң нәтиже көрсетіп, қашықтан жұмыс істеп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде