{metadescription}
Карантин: Қазақстан қалалары арасында блокпостар қойылмайды

Карантин: Қазақстан қалалары арасында блокпостар қойылмайды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміз қалалары арасында блокпостар болмайтынын айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен о нлайн баспасөз мәслихатында елордаға кіруге немесе қаладан шығуға шектеулер енгізу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды.

«Қозғалысқа ешқандай анықтамалар керек емес. Екіншіден, қалалар мен өңірлер арасында блокпостар орнатылмайды», - деді Е. Тоғжанов.

Сонымен қатар ол өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтайтынын еске салды.

Еске сала кетейік, Мемкомиссия 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде