{metadescription}
Карантин: Сауда орталықтарындағы қандай нысандар жұмысын жалғастырады

Карантин: Сауда орталықтарындағы қандай нысандар жұмысын жалғастырады

Карантин кезінде сауда, ойын-сауық орталықтарында тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істейді.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

«Эпидемиологиялық қауіпті нысандардың қызметі уақытша тоқтатылады, оның ішінде сауда, ойын-сауық орталықтарындағы азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа орындардың жұмысы тоқтайды. Сауда үйлері мен сауда желілерінде азық-түлікке қатысты шектеу болмайды», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол жұмысын жалғастыратын нысандарда персоналдың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс екенін атап өтті. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде