{metadescription}
ҰБТ-2020: министрлік тестілеу қорытындысын жариялады

ҰБТ-2020: министрлік тестілеу қорытындысын жариялады

Биыл ҰБТ 21 маусым мен 1 шілде аралығында өтті.

Бұл жолы тестілеуге қатысуға рекордтық көлемде өтініш қабылданды. ҰБТ қорытындысы бойынша шектік балды жинаған талапкерлер саны – 82 154. Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіш 64,06 балл болды, деп хабарлайды білім министрлігі. 

Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысын жариялады. Мәліметке сәйкес, пандемия тестілеуге әсерін тигізбеген. 2019 жылдағы көрсеткіштен айтарлықтай айырмашылық жоқ.

Қанша түлек тест тапсырды

Биыл тестілеуге қатысуға рекордтық көлемде өтініштер қабылданды: 131 754 өтініш тіркелді, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12%-ға төмен болғанын айта кеткен жөн.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 161 пунктте жүргізілді. Тестілеудің әділ өткізілу барысын қадағалау мақсатында қалалар мен өңірлерге Білім және ғылым министрлігі тарапынан 1 983 өкіл жіберілді. Сонымен қатар ҰБТ барысын құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік, үкіметтік емес ұйым, БАҚ, "Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінің өкілдері мен  қоғам белсенділері кірген Арнайы мониторингтік топқа мүше 510 адам бақылады. 

Шектік балл

Маусым айында өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша, тестілеуге тіркелген азаматтардың 92,1%-і ҰБТ-ға қатысты, 2019 жылы бұл көрсеткіш 94%-ды құраған болатын.

"Шектік балды жинаған талапкерлер саны – 82 154, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда бір деңгейде қалып отыр. Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіш 64,06 балды құрады. Жалпы 2019 жылғы орташа көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ", - деп хабарлады министрлік.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде