{metadescription}
Алматыда көлігімен суға батып бара жатқан адамды 24 жастағы жігіт құтқарған

Алматыда көлігімен суға батып бара жатқан адамды 24 жастағы жігіт құтқарған

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқарған жігітті марапаттады.

Ол ТЖО-да темір ұстасы болып жұмыс істейтін, 1995 жылы туған Баяхметов Ержан Қодарұлы есімді азамат болып шықты. Б.Ержанды өзінің жұмыс орнында ұжымның қатысуымен марапаттады. 22 наурызда кешке Талдықорған қаласында "Қызыл тас" саяжай қоғамының маңында жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, Қаратал өзеніне түсіп кетті. Көліктен шыққан жүргізуші суға бата бастаған. Оқиғаның куәгері болған талдықорғандық Ержан Баяхметов ойланбастан суық суға секіріп, батып бара жатқан адамды құтқаруға ұмтылған.

Ол апатқа ұшыраған адамды жағаға шығарып қана қоймай, оған алғашқы көмек көрсетті, онсыз зардап шеккен адам қаза болуы мүмкін еді. Мұны Ержан шақырған жедел жәрдем дәрігерлері де атап өтті. Көрсеткен қайсарлығы және адам өмірін құтқарғаны үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Баяхметов Ержан "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" ведомстволық наградасымен марапатталды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде