{metadescription}
Мүфтият Құрбан айтқа қатысты түсініктеме берді

Мүфтият Құрбан айтқа қатысты түсініктеме берді

Наиб мүфтидің айтуынша, биылғы Құрбан айт 31 шілдеге түсіп отыр.

Бірақ, нақты датасы 10 күн бұрын белгілі болады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айттың датасына қатысты түсініктеме берді. Басқарма төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаровтың айтуынша, биыл Құрбан айт 31 шілдеге түсіп отыр. Алайда нақты датасы он күн бұрын белгілі болады.

"Халықаралық астрономиялық институттардың болжамы бойынша биылғы Құрбан айт, Алла қаласа, 31-ші шілдеге сай келеді. Дегенмен, оның нақты күнін он күн бұрын жариялап айтатын боламыз", - деді Оңғаров бүгінгі онлайн брифингте.

Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылғы діни күндер күнтізбесін бекіткен болатын. Алайда, діни мерекелердің күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екендігін мәлімдеген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде