{metadescription}
Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды: министрлік ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды: министрлік ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Нұрсұлтан Назарбаевтың қан материалдары негізінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірленетіні туралы ақпарат тараған болатын.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Назарбаевтың қанынан вакцина жасалады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Интернет желісінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қан материалдары негізінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны әзірлеу туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.  Уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу бойынша осы материалға сараптама жүргізу және оның одан әрі таралуына жол бермеу жөнінде барлық толық шара қабылдау тапсырылды", - делінген министрлік ақпаратында.

Сондай-ақ,тминистрлік азаматтардан әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. Қылмыстық кодексінің 274-бабына ("көрінеу жалған ақпарат тарату") сәйкес, жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде