{metadescription}
Коронавирустан болуы мүмкін: Қостанайда 43 жастағы әкім орынбасары көз жұмды

Коронавирустан болуы мүмкін: Қостанайда 43 жастағы әкім орынбасары көз жұмды

Қостанай облысында Жангелді ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Торбаев көз жұмды. Өлімнің болжамды себебі  -коронавирустық инфекция.

"COVID бойынша өлім жағдайын зерттеумен арнайы құрылған комиссия айналысады. Ол медициналық құжаттаманы егжей-тегжейлі зерттеп, өлім себебін анықтайды. Толығырақ ақпарат комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін шығады", - делінді портал ақпаратында.

43 жастағы Бақытжан Торбаев 2017 жылдың маусым айынан бастап Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 3 шілдедегі жағдай бойынша Қостанай облысында коронавирусты жұқтырудың 993 жағдайы расталып, 309 адам емделіп, үшеуі көз жұмды.

Дереккөз: stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде