{metadescription}
Атырауда суға батып кеткен жігітті таба алмай жатыр

Атырауда суға батып кеткен жігітті таба алмай жатыр

Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен жігітті іздеп жатыр.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше, 3 шілдеде болған.

«Кеше кештен бері құтқарушылар Жайық өзенінің Ақсай кенті тұсында іздестіруді бастады. Аталған елді мекеннің маңында 44 жастағы ер адам Жайық өзеніне батып кеткен. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол өзеннің арнайы жабдықталмаған жерінде шомылған», - деп хабарлады ТД баспасөз қызметі.

Өкінішке қарай, іздестіру жұмысы әзірге нәтиже берген жоқ. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көлік жөндеу орталығы өртенгенін жазған едік.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде