{metadescription}
Жайыққа батып кеткен 44 жастағы азаматтың денесі табылды

Жайыққа батып кеткен 44 жастағы азаматтың денесі табылды

Атырауда өзенге батып кеткен жігіттің денесі табылып, судан шығарылды.

«Жұма күні Жайық өзеніне батып кеткен 1976 жылы туған азаматтың денесі табылып, судан шығарылды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға кеше қала маңындағы Ақсай елдімекенінде болған. Сол жерде 44 жастағы азамат Жайық өзенінің шомылуға рұқсат берілмеген жағалауында суға түскен. Ол сонда шомылып жүріп өзенге батып кетті.

Құтқарушылар марқұмның денесін кеше қараңғы түскенше өзеннен іздеп, таба алмаған болатын. Бүгін операция әрі қарай жалғасып, мәйіт табылды. Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті арнайы жабдықталған жағалауда ғана шомылу керектігін еске салады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.